Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу орталығында ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары дайындала бастады.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері екі жыл бұрын құрылған. Қазір әскери қызметшілер дронды меңгеріп қана қоймай, оларды өздері жинап, жөндеуді қолға алды. Бұл әскердің ішкі қажеттіліктерінің едәуір бөлігін өз бетімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Толық циклды дрондар шеберханасы өткен жылдың аяғында іске қосылды. Аз уақытта 100 шақты ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастырылды. Барлық дрон бақылау сынақтарынан өткізіліп, кейін әскери бөлімдерге тапсырылады.
Сіздердің назарларыңызға ҰҰА құрастыру бойынша десанттық-шабуылдау әскерлерінің мамандандырылған шеберханаларының бірін ұсынамыз. Ол толық жұмыс циклын қамтамасыз етеді. Компоненттерді сатып алудан бастап, дайын бұйымдарды жауынгерлік бөлімшелерге беруге дейін. Шеберхананың жұмысы жоспарлы түрде жүзеге асады. Әскерилердің мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен арттыруға, олардың мақсатына сай тапсырмаларды орындау кезінде ұтқырлығы мен тиімділігін арттыру кезінде бағытталған.