​Әскери қызметшілерден ақша жинаған ҰҚК шекара бөлімшесінің бастығы сотталды

14.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтөбе гарнизонының әскери соты «Тасмола» шекара бөлімшесінің бастығы Cұлтан Қонаровқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оған Қылмыстық кодекстің «Билікті асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылды., деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Іс материалы бойынша, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін әскери қызметшілерге «Шекара бөлімшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Сол үшін әрқайсысыңнан 15 000 теңгеден ақша жинаймыз. Осы ақшаның барлығын қатардағы жауынгердің абоненттік нөміріне салыңдар» деп бұйырады. Сөйтіп ҚР Қарулы күштерінің әскери жарлығын бұзады, ішкі ережені сақтамады. Бұйрықты екі етпеген 20-ға жуық әскери қызметші 15 мың теңгеден аударады. Сотталушы Cұлтан Қонаров ақша жиналған соң 20 мың теңге қарызын жабады. Одан әрі бірнеше дүкеннен үйіне қажетті заттарды сатып алып, ақысын жиналған ақшадан аударады. Тіпті шекара бекеті аумағындағы модульді үйіне пластикалық терезеге тапсырыс береді. Жеке құрамнан заңсыз жиналған ақшаның қалған 60 000 теңгесін қолма-қол алады.

Сот отырысында еңбек демалысына шыққан қызметкерлерден де «маған бірдеңе алып бер» деп сұрағаны анықталды. Сөйтіп бірнеше аяқ киім, сөмке алдырған, көтерме ақының бір бөлігін де иемденген. Сотталушы 15 000 теңгеден басталған ақша жинау үрдісін 100 000 — 150 000 теңгеге дейін жеткізді. Кейбіріне дүкендердегі қарызын жаптырса, бір бөлігі сотталушының әйелінің телефон нөміріне ақша аударған.

Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. Қылмыстық істі өзінің орнында уақытша міндетін атқарушы болып қалған әскери қызметші ұйымдастырғанын айтты.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының үкімімен Сұлтан Қонаров кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушы әскери, мемлекеттік салада жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сонымен бірге жәбірленушілердің талап арызы толық қанағаттандырылды.

Еске салсақ, курсант өлімінен соң Ақтөбеде екі әскери қызметкер сотталды. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылды. 

Бүгін, 17:33

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью