Әскери қызметшілердің құқығы қорғалады

16.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жалпы отырыста депутаттар бастамашы болған  Салық коде­ксі­не енгізілетін түзетулерді қа­рау ұсыны­лады. Олар Қазақстан Республи­касының жаңа Консти­туциясының нормаларын іске асыруға бағыт­талған және бір палаталы Парла­мент – Құрыл­тайды құрумен, Қа­зақстан Ха­лық Кеңесінің құ­рыл­уы­м­ен, сон­дай-ақ азаматтар Конститу­ция­лық Сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды алып тастау­мен байланысты.

Бірінші оқылымда Мәжіліс нот­ариаттық қызмет мәселелері жөнін­дегі заң жобасын талқы­лайды. Құ­­жатты депутаттар осы саладағы мем­­лекеттік бақылауды күшейту үшін әзірледі. Ол тек­серу рәсімдерін реттейді және уәкілетті органның өкілет­тік­терін кеңейтеді. Кәсіп­керлік кодексінің нормаларына негіз­­делген қазіргі модель әділет ор­ган­дарының бұзушылықтарға жедел ден қою мүмкіндігін айтар­лықтай шектеп отыр. Жаңа норма­лар, сондай-ақ нотариус­тардың цифрлық заңнаманы, электронды цифрлық қолтаң­баны пайдалану қағидаларын және деректерді ақпа­раттық жүйе­лерге енгізу мерзімдерін сақтамағаны үшін жауапкер­шілігін күшейтеді.

Сонымен қатар күн тәртібіне қорғаныс, әскери қызмет және әскери қызметшілердің құқық­тық жағдайын жетілдіру мәсе­лелері жөніндегі депутаттық заң жобасы ұсынылды. Түзетулер қор­ғаныс, әскери қызмет және бітімгершілік қызмет туралы салалық заңдарға енгізіледі. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 9 қазандағы тапсыр­масын орындау үшін жоғары әскери лауазымдарға кандидаттардың цифр­лық рейтингі жасалады. Бұған қоса әскери қызметшілерді әлеу­меттік қорғауды күшейту жөніндегі нормалар қарас­тырылған. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс жаңа құжаттарды жұмысқа қабыл­дай­ды. Олардың қатарында Үкімет пен Жоғары аудиторлық пала­таның 2025 жылғы респуб­лика­лық бюд­жеттің атқарылуы тура­лы есептері, ауыл шаруа­шылығы жерлерінің ұтымды пайдала­нылуына бақы­лауды күшей­ту бойынша Жер код­ек­­сіне түзету­лер және Түркі мем­ле­кеттері ұйым­ына мүше мем­ле­кет­­тердің үкіметтері арасын­дағы цифрлық экономика саласындағы әріп­тестік туралы келісім бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью