Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты.
Әскери қызметшілер алдында депутаттар сөз сөйлеп, заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндіріп, жеке құрамды алдағы референдумға қатысуға шақырды. Кездесуде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов қолданыстағы Конституция 1995 жылы қабылданып, өтпелі кезеңнің талаптарына сай болғанын атап өтті. Ал жаңа жоба депутаттың айтуынша, қоғамның әділеттілікке және нақты өзгерістерге деген сұранысын көрсетеді.
– Егер бұрынғы Ата заң мемлекеттің қалыптасу міндеттеріне жауап берсе, жаңа жоба – бұл шын мәнінде азаматтардың еркімен қалыптасқан халықтық Конституция, – деді ол.
Жиынды құжат 11 бөлім мен 96 баптан тұратыны ерекше айтылды. Жаңа Конституцияда «мемлекет адамға қызмет етуге тиіс» деген қағида бекітілген. Сондай-ақ спикер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентті Құрылтай деп қайта атау бастамасын еске салып, бұл атаудың тарихи сабақтастығын атап өтті.
– Құрылтай – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Тағдырлы сәттерде дәл осы құрылтайларда маңызды шешімдер қабылданған, – деді Дәулет Тұрлыханов.
Жобаға сәйкес, Құрылтай 145 депутаттан тұрып, елдің жоғары заң шығарушы органы болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін вице-президент институтын енгізу қарастырылған.
Бұған қоса жаңа құжатта мәслихаттар, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар өкілдері кіретін Қазақстан халқы кеңесін құру мәселесі де көзделген.
Әскери қызметшілерге үндеу жолдаған депутат қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында армияның рөліне ерекше тоқталды.
– Армия – мемлекеттің тірегі, ал Қарулы күштер – тәуелсіздіктің қалқаны. Әрбір кезекшілік пен әрбір жаттығу – ел қауіпсіздігіне қосқан үлестеріңіз, – деді депутат.
Жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндірме жұмыстарын Астана қаласы мәслихатының депутаты Кендебай Адамбек те жүргізді. Ол 1995 жылғы Конституцияның қабылданғанына шамамен 30 жыл болғанын және осы уақыт ішінде құжатқа мыңнан аса өзгеріс енгізілгенін атап өтті.
– Тек 2022 жылдың өзінде 30-дан аса түзету енгізілді. Бүгінде жаңа Конституция мәтіні шамамен 84 пайызға өзгертілген. Құжаттың жаңа жобасымен танысып шықсаңыздар, көптеген баптың бірнеше рет қайта жазылғанын көресіздер, – деді депутат.
Оның айтуынша, дәл осы себептен цифрландыру, жасанды интеллект институттарын дамыту, Құрылтай мен Халық кеңесін құру сияқты заманауи сын-қатерлерге жауап беретін Негізгі заңның жаңа редакциясын әзірлеу туралы шешім қабылданған.
Депутат жоба 130 адамнан тұратын жұмыс тобы тарапынан дайындалғанын айтты. Комиссия 12 отырыс өткізіп, талқылаулар ашық түрде көрсетілді және барлық түскен ұсыныс қаралды. Ол мұның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асырудың үлгісі екенін атап өтті.
Басқосу барысында Кендебай Адамбек сарбаздарға әскердегі қызметтің жас жігіт өміріндегі маңызды кезең екенін еске салды.
– Мемлекет әскери қызметшілер үшін жағдай жасайды. Жоғары оқу орындарына конкурстан тыс, тегін түсу мүмкіндігі бар. Бірақ ең алдымен, әр азамат өз еліне қызмет етуге тиіс. Біздің мемлекет әскер қатарында жүрген әр азаматқа қамқорлық көрсетеді, – деп атап өтті ол.
Құрылтай туралы айта келе, Мәслихат депутаты оның тарихи тамырларына тоқталды. Ежелгі заманда құрылтайларда маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданып, хандар сайланып, халық тағдыры талқыланғанын айтты.
– Бүгінде Құрылтай жоғары заң шығарушы органға айналып келеді. Бұл – дәстүрімізге оралу және ұлттық құндылықтарды нығайту, – деді К.Адамбек.
Сондай-ақ кездесуде заң шығару бастамасы мүмкіндіктерінің кеңейтілетіні айтылды. Бұрын заң жобаларын енгізу құқығы Үкімет, депутаттар мен Президентке тиесілі болса, енді мұндай мүмкіндік Халық кеңесіне де беріледі.
Бұған қоса жиында азаматтардың саяси өмірге қатысу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
– 20 жастан бастап азамат мәслихат депутаты бола алады, ал 25 жастан бастап елде кемінде 10 жыл тұрған жағдайда Құрылтай депутаты болуға мүмкіндік бар. Сіздер де болашақта депутат болып, шешім қабылдауға қатыса аласыздар, – деп К.Адамбек әскери қызметшілерге үндеу жасады.
Кездесу соңында депутаттар жеке құрамды 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері бойынша жан-жақты мағлұмат алды.
Соңғы жаңалықтар
Тотықұс асырағанның ұпайы түгел
Кәсіпкер • Бүгін, 08:25
Спорт • Бүгін, 08:20
Ертістің ен тоғайына түлкі оралды
Жануарлар • Бүгін, 08:15
Көгерген нан да қажетке жарайды
Таным • Бүгін, 08:10
«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады
Кино • Бүгін, 08:05
Өнер • Бүгін, 08:00
«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы
Қаржы • Кеше
Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді
Қаржы • Кеше
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды
Ауа райы • Кеше
Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты
Әлем • Кеше
Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
Саясат • Кеше
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды
Әлем • Кеше
Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі
Ата заң • Кеше
Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді
Аймақтар • Кеше
Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды
Әлем • Кеше