Әскери саладағы үздік психолог анықталды

26.06.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астана қаласында Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай «Үздік психолог» республикалық байқауы өтіп, жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен әскердегі, яғни сарбаздардың әрі әскери қызметшілердің психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын қалыптастыру атсалысатын психолог мамандар қатысқан.

Сайыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінің психологі, лейтенант Аружан Бақытжанқызы І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Үздік психолог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Оның бұл жеңісі – оның осы бағытта табанды еңбек етіп жүргенің ғана емес, Ұлттық ұландағы психологиялық қызметтің кәсіби әлеуетін айқындай түсті.

– Бұл байқау – мен үшін тәжірибе алмасудың, кәсіби тұрғыдан дамудың маңызды алаңы. Әріптестерімнің жұмыс тәсілдерімен танысып, жаңа әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік алдым. Бүгінгі жетістігім алдағы уақытта да ізденіп, өз ісіме адал қызмет етуге жігер береді, – дейді лейтенант Аружан Бақытжанқызы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью