Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

30 қаңтар күні Қарулы күштердің топографиялық қызметінің мамандары кәсіби мерекесі – Әскери топограф күнін атап өтеді. Аталған мамандар әскерді топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қызмет қамтиды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің әскери топографтары автоматтандырылған жүйелер мен үшөлшемді модельдеу технологияларын белсенді түрде енгізіп, цифрлы ұрыс алаңын жасақтайды. Олар әскерді жер бедері туралы нақты әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оқу-жаттығулар мен күнделікті қызмет барысында қолданылатын топографиялық, теңіз және арнайы карталарды, сондай-ақ қала жоспарларын дайындау да әскери топографтардың міндетіне енеді.

Нақты уақыт режиміндегі автоматтандыру жүйелерін енгізу аса маңызды ақпаратты жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Жер бедері туралы цифрлы деректер Қарулы күштердің барлық түрі мен әскер тектері басқару жүйелерімен жедел біріктіріліп, нысаналарды анықтауға, міндеттер қоюға және әскер мен техниканың жай-күйін бақылауға жағдай жасайды.

«Ашық есік» күні: Ата-аналар әскердегі ұлдарының жағдайымен таныса алады

Дамудың маңызды кезеңі ретінде виртуалды шындық технологияларын қолдану және объектілердің үшөлшемді модельдерін жасау. Бұл шешімдер басқару органдарына жағдайды қашықтан жан-жақты талдауға мүмкіндік беріп, әсіресе қалалық құрылыс жағдайында іс-қимылдарды дәл жоспарлауға үлес қосады.

«2025 жылдан бастап топографиялық қызмет мамандары нақты координаттары бар тұрақты геодезиялық пункттер жиынтығынан тұратын арнайы геодезиялық желілерді қалпына келтіру және дамыту жұмыстарын бастады. Мұндай кеңістіктік негіз жоғары дәлдікті қаруды нысанаға алу және бөлімшелердің іс-қимылын тиімді үйлестіру үшін қажет», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді

Айта кетейіу, әскери топографтардың кәсібилігі заманауи цифрлы технологиялармен ұштасып, ұрыс алаңының сенімді негізін қалыптастырып, әскердің іс-қимылындағы дәлдік, үйлесімділік пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью