Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Комитет атап өткендей, бұл — елімізде баламасы жоқ көпфункционалды нысан.
Кешен Орталық Азиядағы ең ірі мұз аренасын спорттық, ойын-сауық және көрермендерге арналған инфрақұрылыммен біріктіріп, Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орталыққа айналып отыр.
— ASP Arena мұз аренасының ауданы 20 600 шаршы метрді құрайды, яғни, мұнда халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарын, жаппай сырғанау сеанстарын және ауқымды шоу-бағдарламаларды өткізуге болады.
Кешеннің жалпы аумағы 63 гектар. Мұнда қонақ үй кешені, көрермендерге арналған аймақтар, мейрамханалар, картинг трассасы және түрлі демалыс
Спорт кешені бір мезетте 3 200 адамды қабылдай алады, — делінген хабарламада. ASP Arena-да жаппай сырғанауға ерекше басымдық берілген.
Кешен келушілер үшін: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 10:00–ден 23:00–ге дейін (үш сеанс); демалыс және мереке күндері 09:00–ден 00:00–ге дейін (төрт сеанс) жұмыс істейді.
Спорт сарайы аумағында коньки жалға беру қызметі қарастырылған.