Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Аспалы арқан жолы 98 жолаушылар кабинасынан тұрады және ең қарбалас уақытта сағатына 2320 адамды тасымалдауға қауқарлы болады. Қазіргі таңда жобаның 38%-ы орындалған.
Ұланбатыр әкімдігінің мәліметінше, жоба аясында 19 тірек бағана мен екі станция салынады. Қазіргі уақытта станциялардағы құрылыс жұмыстары жалғасуда: іргетасты құю 75%-ға аяқталған, ал 19 тіректің алтауы толық орнатылған.
Жалпы құрылыс жұмыстарының 18%-ы орындалды. Құрылыс алаңында 15 техника және 88 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Бас мердігер — аспалы жол саласында 100 жылдан астам тәжірибесі бар, әлемге әйгілі француздық POMA тобы. Компания техникалық басқаруға, жобаны іске асыруға және кеңес беруге жауапты.
Фото: МонцамэҚұрылыс жұмыстарын «Моннис инжиниринг» компаниясы жүргізіп келеді. Көлікке қажетті материалдар мен жабдықтар Франциядан жеткізілуде. Қазіргі уақытта жалпы жүктердің 69%-ын құрайтын 103 контейнер импортталып, түсірілген.
Ұланбатырды дамытуға арналған 24 мегажобаның мақсаты — қоғамдық көліктің түрлерін көбейтіп, оның қолжетімділігін арттыру, сонымен қатар жолдағы кептелісті және ауаның ластануын азайту.
Бұдан бұрын Моңғолияның Ховд аймағының билігі оба ауруының күдікті жағдайлары тіркелуіне байланысты жаппай іс-шараларға уақытша шектеу қойып, мектептерді қашықтан оқыту форматына көшірді.