Аспанға құштар бойжеткен

19.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақ жастары аз емес. Солардың қатарында атыраулық бойжеткен Нұрай Бисенова да бар.

Мұнайлы ша­һар­да өскен ол бала кезінен бел­­сен­дігілімен танылды. Мектепте оқи жүріп, ағыл­­­­шын тілін жетік мең­геруге талпынды. Суда жү­зуді ұнатты. «Жұлдыз» би ансамблінің белді мүшесі болды. Марафонға бірнеше рет қатысты. Ең басты арманы – ұшқыш болу.

«Бала кезімнен еркін­дікке, биікке құштар едім. Мектептің 9-сыныбында кәсіби бағдар беру курсына қатыстым. Сол кезде болашақ мамандығыма қатысты сауалдама сұрағына ұшқыш болатынымды көрсеттім. Бұл үшін шетелдегі беделді жоғары оқу орнында білім алуды көздедім», дейді Нұрай Бисенова.

Бұл мақсатына бірден қол жеткізу оңай болмады. Алдымен Чехияға виза алуға бірнеше рет қадам жасады. Сол елге барып, ем­тиханға дайындалды. Таудай талпынысының нәти­жесінде осындағы техни­калық уни­верситеттің ме­ханикалық инженерия фа­культетіне оқуға түсті. Бұл – Орталық Еуропадағы байырғы жоғары оқу орны.

«Қазір «Professional Pilot» бағдарламасымен 2-курста оқып жүрмін. Грантқа ие болғанмын. Бірінші курс­та ұшу алдындағы дайын­дықтан өттік. Теорияны оқып, бір моторлы ұшақпен ұштым. Ең есте қаларлық оқиға – туған күнімде «Private Pilot License» үшін теориялық емтиханды сәтті тапсыруым. Ал жазда «Single Engine Pilot» лицензиясын алдым. Ұшақ штурваліне отыру – ұмытылмайтын сәт. Көк аспанға көтеріліп, әуе­ден жерге қараудың әсерін сөз­бен жеткізу мүмкін емес», дейді аспанға ғашық ару.

Оның айтуынша, кәсі­би ұшқыш болу үшін табан­дылық пен батылдық қажет. Темірдей тәртіпті сақтаған жөн.

«Би үйірмесі тәртіпке бой үйретуіме әсер етті. Қа­зір соның пайдасын кө­ріп жүрмін. Ұшқыш боламын дегенімде, ата-анам бұл таң­дауыма таңданыспен қа­раған еді. Олар «Ұшқыш болу – қыздардың кәсібі емес» деді. Бірақ мен таңдауым­ды өзгертпеуге шешім қабыл­дадым», дейді Н.Бисенова.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Оқиға • Бүгін, 09:21

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды

Саясат • Бүгін, 09:00

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 09:00

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Президент • Бүгін, 08:55

Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады

Саясат • Бүгін, 08:50

Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?

Экономика • Бүгін, 08:45

Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі

Инфляция • Бүгін, 08:43

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Атқарылған жұмыс аз емес

Саясат • Бүгін, 08:37

Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді

Сұхбат • Бүгін, 08:35

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі

Қоғам • Бүгін, 08:28

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Ғылым • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью