Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қайғылы хабарды жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әкесінің өмірден өткенін айтып, жантебірентер жазба жариялады. Актер өзіне тірек болған асқар тауынан айырылу қиын екенін жеткізді.
«Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорғап болған асқар тауымнан айырылдым. Алланың жазуына разымыз. “Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз". Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін. Әке, Алла сізді рақымына бөлесін. Сізді ешқашан ұмытпаймыз», – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.