Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі оқиғасы жасанды интеллектпен әзірленген қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы болмақ. Оған әлем елдерінің креаторлары тәжірибесіне де, кәсіби студиясының бар-жоғына да қарамастан қатыса алады.
«Astana AI Film Festival креативті индустриядағы жыл сайынғы маңызды оқиғаға әрі жаңа форматтар мен жаңа есімдерге арналған тұрақты халықаралық алаңға айналады деп күтілуде. Бұл ретте қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық: өтінімдер командалардан да, жеке креаторлардан да қабылданады», деді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, Ozen компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн.
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Өтінім қабылдау 2026 жылдың мамыр айында басталады. Туындыны фестивальдің ресми сайты арқылы жолдауға болады.
«Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге фестивальдің лендинг-платформасына жүктеуі тиіс. Өтінімдер мамыр айынан тамыз айының соңына дейін қабылданады», деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушысы, Brave Talents компаниясының жетекшісі Алмас Жали.
Еске сала кетейік, Astana AI Film Festival 2026 жылдың күзінде өтеді. Фестиваль киноиндустрия мен AI-технологиялардың тоғысындағы жобаларға арналған алаңға айналып, авторлардың, digital-креаторлардың, технологиялық компания өкілдерінің, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады.
Өз сегментіндегі ең ірі фестивальдердің біріне айналуды көздейтін жобаның жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба демеушілік және серіктестік қаражат есебінен жүзеге асырылмақ.
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар өткізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37