Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік алдағы бірнеше апта ішінде іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік алдағы бірнеше апта ішінде іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тілші сауалына жауап бере отырып, Қасымбек ресми ашылуы өтетін күн әлі белгіленбегенін нақтылады. Бұл ретте іске қосу алдында шағын пресс-тур өткізу жоспарланып отыр.
"2-3 аптадан кейін іске қоса аламыз деп үміттенеміз", - деді әкім.
Қасымбектің айтуынша, LRT-ның барлық сынағы сәтті өтті.
"Бүгінде барлық 18 пойыз шығып жатыр (жұмыс істеп тұр - ред. еск.). Қозғалыс аралығы аз - 3,5 минут. Жылдамдығы жоғары, кез келген басқа көлік түріне қарағанда 2 есе жылдам", - деді ол.
Сондай-ақ әкім негізгі станциялардың дайын екенін айтты. Олардың қатарында - "Абу-Даби Плаза", "Ботаникалық бақ", "Астана Арена", Mega, "Әуежай" және жаңа вокзал бар.
Станцияларға іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қасымбектің сөзінше, жаздың соңына дейін желі бойындағы аумақты толық ретке келтіру - асфальт төсеуді аяқтау және станцияларға ыңғайлы жету үшін жаяу жүргіншілер жолын қамтамасыз ету жоспарланған.
Сонымен қатар әкім тұрғындардың LRT-ны қыста пайдалануға қатысты қауіптері мен инфрақұрылым бойынша ескертулеріне түсініктеме берді. Оның айтуынша, өткен қыста желідегі қар арнайы техникасыз тазартылған, соған қарамастан жүйе штаттық режимде жұмыс істеді. Қазір мұндай техникалар әкелініп жатыр және келесі қысқы маусымға толық дайын болады.
Кейбір учаскеде судың жиналуы мен бояудың жарылуы туралы ескертулерге жауап бере отырып, Қасымбек жауын суын ағызу жүйесі енді ғана толық қосылып жатқанын, ал бірқатар элементті бояу жұмыстарын жылы кезде аяқтау туралы шешім қабылданғанын айтты.
Мән-жайыАстанада LRT-ны тестілік пайдалану 2025 жылғы 29 қыркүйекте басталды. Сол кезде сынақ кем дегенде алты айға созылатыны хабарланған болатын. Ал 2026 жылдың наурызында Жеңіс Қасымбек жолаушылар үшін көктемде іске қосылады деп күтілетінін айтса, CTS өкілдері пойыздардың сағатына 40-50 шақырым жылдамдықпен жүретінін, "Нұрлы жол" станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алатынын, ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5 минуттан 10 минутқа дейін болатынын нақтылаған еді.
Бұған дейін наурызда әкімдік LRT тарифінің жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Құжатта жол жүру құнын 200 теңге деңгейінде белгілеу, ал жеңілдігі бар жекелеген санаттар үшін электронды көлік картасы бойынша 0 теңге деп бекіту ұсынылған. Ол кезде тариф әлі түпкілікті бекітілмеген болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу