Астана әлеуметтік технологиялар қоғамдық бірлестігіне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

04.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Астана Әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға ҚР жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен мәні толықтай түсіндірілді.

«Қазір Қазақстан тарихи кезеңде тұр. Жаңа Конституция –  Мемлекет басшысының жүйелі реформаларының бірі. Бұл – халық пен өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан маңызды құжат. Жаңа Конституция азаматтардың құқығын қарапайым тілмен көрсетеді: тегін медициналық қызмет алу, орта білім алу және басқа да әлеуметтік құқық қамтамасыз етіледі.

15 наурызда өтетін референдум халықтық сипатқа ие. Жаңадан құрылатын Халық кеңесі билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналады. Оның құрамына белсенді азаматтар, этнос өкілдері және өңірлердің мәслихат депутаттары кіреді. Олар халықтың мұң-мұқтажын жеткізумен айналысады. Баршаңызды референдумға қатысып, балаларымыздың болашағы үшін дауыс беруге шақырамын», – деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Астана қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов қатысты.

«Біз бір Отан, бір Қазақстан үшін бірігеміз. Менің белсенділігіме себепкер болған – менің ерекше балам. Барлық азаматтардың күнделікті көріп жүрген қиындығын мен де білемін. Астанадағы өзгерістерге атсалысуға тырысамын. Ертеңгі күні біздің балаларымыз қандай елде өмір сүретінін бүгінгі қадамдарымыз анықтайды. Сондықтан әрқайсыңызды 15 наурыз күні отбасыларыңызбен бірге референдумға қатысуға шақырамын. Әр дауыс – біздің болашағымыз. Қазақстанымыз гүлденсін», – деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Назгүл Мақжанова.

Кездесу қатысушылары конституциялық өзгерістердің мәнін түсінгенін айтып, белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью