Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін балл беру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында хабарлады.
Әзірге бұл жүйе тек осы қалаларда сынақ режимінде жұмыс істейді
Балл әрбір жол ережесін бұзу фактісі негізінде, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іске қатысты шешім заңды күшіне енгеннен кейін есептеледі. Жүргізушілерге бұл шешімге шағымдану құқығы беріледі.
Жинақталған балдың жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Бір жыл ішінде 20 балл жинаған адам 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Оны қайта алу үшін жол қозғалысы ережесі бойынша емтиханды сәтті тапсыру қажет.
Жол ережесін бұзғаны үшін балл тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға беріледі. Мысалы, егер адам жаяу жүргінші ретінде 20 балл жинаса, ол 6 ай бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды.