Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астана әуежайында бірнеше ана мен бала бөлмесі жөндеуден өтті. Ондағы жиһаздар жаңартылды. Жөндеу жұмыстары мамырда жолаушылар тарапынан бөлмелердің жай-күйіне қатысты шағымдар түскеннен кейін басталған болатын, деп хабарлайды Tengri Travel.
Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір әуе айлағында ана мен балаға арналған 6 бөлме бар.
Бұл бөлмелер кішкентай балалармен сапарға шыққан жолаушыларға арналған.
Әуежайдағы осындай үш бөлме жөнделді. Сондай-ақ жиһаздар жаңартылды.
Астана әуежайындағы жөндеуден өткен ана мен бала бөлмелері. Фото: Nursultan Nazarbayev International Airport
Әуежай өкілдері тағы үш бөлмеде жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.
"Жиһаздар тозған": шағымЕске сала кетейік, мамырда баласы бар қазақстандық әйел Астана әуежайының ішкі рейстер терминалындағы ана мен бала бөлмесінің жай-күйі туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, бөлменің жарығы нашар, жиһаздары тозған, ал бөлменің жалпы көрінісі тезірек шығып кетуге итермелейтіндей болған.
Фото: Threads/@ornayka
Сол кезде әуежай өкілдері бұл мәселеден хабардар екенін, бөлменің жай-күйіне қатысты ескерту ішкі тексеріс кезінде де тіркелгенін және жөндеу мен жиһазды толық ауыстыру жұмыстары биылға жоспарланғанын хабарлаған еді.
Арада төрт айдан астам уақыт өткенде, бөлмелердің бір бөлігі жөнделді.
Астана әуежайында тағы не пайда болуы мүмкін?Бұған дейін жолаушылардың бірі Алматы әуежайының күту залында дене жаттығуларына арналған төсеніш жаюға рұқсат берілмегеніне шағымданған еді. Оның айтуынша, әуежайларда дүкен, мейрамхана мен шылым шегу бөлмелері бар, бірақ жолаушылардың бой жазуына арналған арнайы орындар қарастырылмаған.
Сол кезде Астана мен Алматы әуежайларынан қазір терминалдарда йога, гимнастика немесе дене жаттығуларына арналған арнайы аймақтардың жоқ екенін анықтағанбыз. Дегенмен, жолаушылар жеңіл жаттығу жасау үшін күту залдарын және серуендеу аймақтарын пайдалана алады.
Бірақ болашақта елордалық әуе айлағында мұндай кеңістіктер пайда болуы мүмкін.
Мәселен, Астанадағы Т2 терминалын кеңейту кезінде қосымша демалыс аймақтарын, коворкинг пен балалар ойын алаңдарын қарастыру жоспарланған. Сондай-ақ әуежайда йога және стретчингпен айналысатын орындардың ашылуы да жоққа шығарылмайды.
Тағы оқыңыз: Астананың жаңа әуежайы: құрылысқа кім қатысатыны белгілі болды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу