Астана әуежайында шу шығарған әйел ұшақтан түсірілді

20.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде әуежай терминалында әйелдің еденде жатқан сәті түсірілген бейне тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны ұстауға әрекет жасаған.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы масаң күйде болған.

«Жолаушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болды. Ол FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқаны үшін рейстен түсірілді», делінген хабарламада.

Сот шешімі шыққанға дейін әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

Оған ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені немесе мас күйде жүргені үшін және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Масаң күйдегі әйел жолаушылар әуе рейсінен түсірілді

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында мас күйінде өзіне көмектесуге келген жедел жәрдем қызметкерін тепкен 37 жастағы азамат темір торға қамалған еді. Ол бұл әрекеті үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ зардап шегушіге моральдық шығын ретінде 300 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью