Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Аталған карталарды пайдалану үшін тіркелу немесе мобильді қосымшаны жүктеу қажет емес. Олар қоғамдық автобустарда орнатылған Avtobys валидаторлары арқылы жұмыс істейді.
Туристер үшін үш тариф ұсынылған:
- Қызғылт сары карта – 5 жол жүру құқығы, бағасы 1 550 теңге;
- Көгілдір карта – 10 жол жүру құқығы, бағасы 2 110 теңге;
- Көк карта – 15 жол жүру құқығы, бағасы 2 650 теңге.
Жолаушылар сапар бағытын алдын ала Avtobys мобильді қосымшасы арқылы жоспарлай алады. Жоба Visit Astana, City Transportation Systems және Innoforce компанияларының бірлескен ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды.