Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астана әуежайында бомба бар екенін айтып әзілдеген шетел азаматы рейстен түсірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түскен мәлімет бойынша, жолаушы ұшар алдындағы рәсімдер кезінде өзінде жарылғыш құрылғы бар екенін әзілдеген. Әуежай қызметкерлері бұл мәлімдемеге қауіпсіздік талаптарына сәйкес әрекет еткен. Кейін тиісті тексеру шаралары ұйымдастырылып, жолаушы рейске жіберілмеді. Оқиғаның мән-жайы құзыретті органдардың қарауына берілді.
"Әуежайларда жарылғыш заттар туралы кез келген мәлімдеме, тіпті әзіл ретінде айтылса да, ықтимал қауіп ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайлар міндетті түрде тексеруді талап етеді және заңда көзделген құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
Авиациялық қауіпсіздік саласында – жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдық. Сондықтан жарылғыш құрылғылар туралы жауапсыз мәлімдемелерге жол берілмейді", – делінген хабарламада.