Астана әуежайында жолаушыларға ескерту жасалды

10.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін Астанадан ұшатын жолаушыларға халықаралық әуежайда өрт дабылы жүйесі қысқа мерзімге іске қосылуы мүмкін екені ескертілді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Бүгін Астанадан ұшатын жолаушыларға халықаралық әуежайда өрт дабылы жүйесі қысқа мерзімге іске қосылуы мүмкін екені ескертілді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін Терминал 1 (T1) ғимаратында автоматты өрт дабылы жүйесі (АӨДЖ) бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Мамандар өрт панельдерін уақытша ажырату, дәнекерлеу, сондай-ақ ақаулардың алдын алу және диагностикалау шараларын орындайды.

Жұмыстар екі кезеңге жоспарланған: сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін және 14:00-ден 15:00-ге дейін.

Осыған байланысты терминалда мезгіл-мезгіл дабыл сигналдары естілуі мүмкін.

"Жұмыстар барысында автоматты өрт дабылы жүйесінің қысқа мерзімді жалған іске қосылуы мүмкін", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуе айлағының әкімшілігі жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

"Осыған байланысты жолаушылардан, әуежай қызметкерлері мен жалға алушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді әуежайдағылар.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью