Астана балабақшасындағы төбелес: полиция тергеу бастады

05.11.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада полиция балабақшалардың бірінде тәрбиеленушінің басқа баланы соққыға жыққан оқиғасын тергеп жатыр. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне елордалық полиция департаменті растады.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Полиция мәліметінше, балабақша тәрбиеленушілерінің бірі екінші баланы ұрып-соққан. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, зерделеніп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балалардың қарауы мен қауіпсіздігіне жауапты мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі тексеріледі", - деп хабарлады Астана қалалық ПД.

Полиция тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне балабақша басшылығы мен қызметкерлері жауапты екенін атап өтті.

"Кез келген салғырттыққа, жауапсыздыққа немесе белгіленген қауіпсіздік талаптарын елемеуге жол берілмейді және бұл кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін", - деп мәлімдеді ведомство.

Департамент өкілдері жол берілген заңбұзушылықтар үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын қоса кетті.

Зардап шеккен баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғадан кейін баланы бұл балабақшаға бұдан былай апармауға шешім қабылдағанын айтты. Ол толық бір айдың ақшасын қайтаруды талап еткен. 4 қарашада оған төлемақысы қайтарылды. Сонымен қатар астаналық келіншек полицияға жазған арызын кері қайтарып алмақ емес.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысы соққыға жыққан жасөспірім комаға түсті. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оған ми мен өкпенің ісінуі диагнозын қойды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью