Астана ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады

13.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Астана» футбол клубы өз тарихында ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жақын арада жартылай қорғаушы Назми Грипшимен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: kazfootball.kz

Өткен маусымда 28 жастағы жартылай қорғаушы 26 матчта, 16 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Грипши бұл нәтижесімен ел  чемпионатының ең үздік сұрмергені атанып, Дастан Сәтпаев пен Марин Томасовты артта қалдырды.

Vesti.kz мәліметінше, қазір Назми Грипши командасымен бірге жаттығып жүр. Оған қатысты клуб үшін тиімді ұсыныс түссе қарастырылатыны белгілі болып отыр. 

Григорий Бабаян бұл мәселе тек Грипшиге қатысты емес, «Астанамен» қолданыстағы келісімшарты бар кез келген футболшыға қатысты екенін жеткізді. 

Бұған дейін футболшыға АҚШ пен Канада жоғары лигасында ойнайтын клубтар тарапынан қызығушылық бар екені, «Астанадан» трансферін сатып алуға дайын екені хабарланған.

Грипшидің елордалық клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазы­нда аяқталады.  Ал оның трансферлік құны – 1,5 миллион еуро деп бағаланып отыр.

Бұған дейін алматылық «Қайраттан» израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ отандасымыз Ғалымжан Кенжебек ресми түрде ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды.

Еске салайық, «Қайрат» – «Брюгге» матчына билеттер сатылымы басталды.

Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды

Экономика • Бүгін, 14:11

Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды

Қоғам • Бүгін, 14:01

2026 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды

Экономика • Бүгін, 13:50

Молдова Румынияға қосылуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 13:15

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

Қазақстан • Бүгін, 13:00

Елімізде алтынның бағасы қымбаттады

Экономика • Бүгін, 12:51

Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды

Елорда • Бүгін, 12:41

Қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары Үндістанда оқырман назарына ұсынылды

Мәдениет • Бүгін, 12:40

Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 12:35

Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды

Заң • Бүгін, 12:29

Шетелдік маркетплейстерде сауда жасау: ел азаматтары үшін не өзгереді?

Экономика • Бүгін, 12:15

«Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Спорт • Бүгін, 12:12

Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық қаупі бар? Министр жауап берді

Экология • Бүгін, 12:03

2028 жылға қарай «ақылды» су есептеу құрылғылары орнатылады

Технология • Бүгін, 11:43

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью