Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Пойыз жолына кенет шыққан үш жеңіл авто көлік үлкен апатқа, трагедияға себеп бола жаздады.
— Локомотив бригадасының кәсіби және жедел әрекеті арқасында соқтығысудың алды алынды. Жол ережесінің бұзылуына жол бергендер оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз маршрут бойынша 7 минутқа кешігіп жүрісін жалғастырды. Құқық бұзушылық туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жолданды. Оқиғаның себебі — жүргізушілердің жол ережесін бұзуы, — деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚТЖ биыл 44 адамды пойыз басып кеткенін, 27 адам көз жұмғанын мәлімдеген болатын.