Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарына, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға, озық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін арттыруға ерекше назар аударылды.
Фото: Көлік министрлігі— Сонымен қатар Астана — Ереван және Ақтау — Ереван бағыттары бойынша әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі қаралды. Рейстердің жақын арада іске қосылуы күтілуде. Бұл сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды, — делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, өзара іс-қимылға дайын екендерін білдірді.
Осыған дейін Қазақстан мен Армения бір-бірінде медицина күндерін өткізуге уағдаласқанын жаздық.