Astana Half Marathon қатысушылары Таза Қазақстан акциясын қолдап, плоггинг өткізді

07.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада өтетін марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық акция. Қатысушылар жарыс кезінде марафон бағыты бойындағы пластик бөтелкелер мен өзге де қоқыстарды жинады.

«Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Марафон барысында көптеген қатысушы мен қала тұрғындары бастаманы белсенді қолдап, акцияға қосылуға тырысты», деді қатысушылардың бірі.

Сонымен қатар Astana Half Marathon аясында қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы пунктер, пластикті қайта өңдеу аймақтары және «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью