Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астанаға жақын орналасқан Жібек жолы ауылының тұрғыны төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның өз отбасының төрт мүшесі – әкесі, анасы, ағасы мен жиенін өлтіріп кеткені жайында ақпарат тараған болатын.