Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар "Астана – Көкшетау (айналма жол арқылы) – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)" автомобиль жолының учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады.
Шектеу 473 - 483 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылдың 2 маусымында сағат 04:00-ден бастап күшіне енеді.
"Жөндеу жұмыстары кезеңінде 0-2,5 шақырым аралығында, яғни Петропавл қаласындағы "Оңтүстік" жол-патрульдік полиция бекетінен Жұмысшы кентіндегі Керуен көшесіне дейінгі учаскеде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады", - деп жазылған хабарламада.
Жеңіл автокөліктердің қозғалысы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Петропавл қаласы арқылы ұйымдастырылатын балама бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жүк көліктері үшін келесі автомобиль жолдары арқылы айналма бағыт қарастырылған:
KZ15-02 "Петерфельд – Архангельск – Новокаменка – "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолы", 0 - 30,519 шқ;
KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл", 938 - 946 шқ.
Қозғалысты қайта ашу 2026 жылдың 3 маусымында сағат 04:00-ге жоспарланған.