Астана командасының шабандозы Оман турын жеңіп алды

11.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Низва – Джабаль әл-Ахдар (Green Mountain) бағыты бойынша өткен 155,9 шақырымдық бесінші кезең Скарони үшін сәтті болды. Ол қашықтықты 3:23:19 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Оның командаласы, испаниялық Кристиан Родригес Мартин екінші болып мәреге жетті. Үшінші орынды Team Jayco Alula сапындағы австралиялық Лукас Плапп иеленді.

Осы нәтижесінің арқасында Скарони жалпы есепте бірінші орын алды. Ал Родригес Мартин екінші орынға ие болып, «Астана» командасына қорытынды есепте қос жүлде әкелді.

Айта кетейік, кеше «Астана» шабандозы Оман турының жалпы есебінде екінші орынға көтерілгені хабарланған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью