Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: @lyudmila_bm999 в Threads
Вице-министрдің айтуынша, елордада қатты нөсер жауын жиі бола бермейді.
23 шілдеде елордада бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, соның салдарынан қаланың бірқатар көшесін су басты. Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселені кешенді түрде қарастырып, мұндай табиғи құбылыстардың қаншалықты жиі болатынын жан-жақты зерттеу қажет.
«Иә, мұндай жағдайлар болады. Біз қоғамда өмір сүріп жатырмыз, табиғат та адамға бағынбайды. Кейде жауын-шашын белгіленген нормадан әлдеқайда көп мөлшерде түседі. Осы өңірдің тұрғындары ретінде біз де белгілі бір қолайсыздықты сезінеміз. Бірақ мұндай жағдайлардың жиілігі өте жоғары емес екенін түсіну керек. Сирек болатын табиғи апаттарға алдын ала толық дайындық жасау үшін қомақты қаржы жұмсау қажет болады. Бұл өз кезегінде бюджет шығындарын арттырады. Сондықтан мұндай шығындардың қаншалықты қажет екенін бағалау, талдау және сараптама жүргізу арқылы анықтау керек», деді О.Сапарбеков Үкіметтегі брифингте.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұловтың айтуынша, соңғы 10 жылда Астанада нөсер кезінде су басатын 11 учаскедегі мәселе шешілген. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Мәңгілік Ел, Абай даңғылдары және Пушкин көшесі бар.
Биыл бұл проблемаларды шешу үшін Арнайы мемлекеттік қордан шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер арқылы қосымша қаржы қарастырылған.
Еске салайық, сол кезде Астанада нөсер жаңбырға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті.