Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әлеуметтік желіде Астанадағы балалар ойын алаңында пышақпен жүгіріп жүрген ер адамның бейнежазбасы тарады.
Оқиға Петров көшесінде болған. Бейнежазбада іш киіммен жүрген ер адамның балалар алаңында қолына пышақ ұстап, балағат сөздер айтып жүргенін анық көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар дереу полиция шақырған. Ер адам шақыртудан кейін шамамен 20 минут ішінде ұсталған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Астана қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша 39 жастағы ер адамның ұсталғанын растады. Ол полиция басқармасына жеткізілді.
«Қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Бүгін, 14:52