Астана күні 448 сәби өмірге келді

07.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 7 шілде - Sputnik. Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді.

Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.
Ең көп нәресте:

Түркістан облысында - 67 сәби;

Алматы қаласында - 44 сәби;

Шымкент қаласында - 40 сәби;

Алматы облысында 40 сәби дүниеге келді.

"Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз еттті", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз, дейді министрлік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью