Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

05.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қосымша автобустар қала орталығы бағытында №10, 26, 37, 40, 42, 49, 51, 53, 60, 67 және 501 бағыттары бойынша қатынайды.

Ал әуежай бағытына №10, 26, 37, 40, 42, 49, 51, 53, 60, 67, 302, 303, 308, 309 және 501 бағытындағы автобустар қосымша қызмет көрсетеді.

Жолақы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектеп оқушыларына арналған жол жүру карталары өз күшінде қалады.

Қала әкімдігі жолаушыларға концерттен кейін жолаушылар ағынының артуын ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Елордада автобус жүргізушісі едені тесік көлікпен жолаушыларды тасымалдағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью