Астана маңында аттан құлаған 33 жастағы әйел бір айға жуық комада жатып қайтыс болды

14.08.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астана маңындағы ат клубтарының бірінде аттан құлаған 33 жастағы әйел ауыр жарақат алып, бір айға жуық уақыт комада жатып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 6 шілдеде Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Жазира есімді әйел аттан құлап, ауыр жарақат алған. Оны дереу медициналық мекемеге жеткізген.

Марқұмның жақындары мен достарының айтуынша, Жазира атқа алғаш рет мініп жүрген адам болмаған. Ол бұған дейін де атқа мініп, ер-тұрман үстінде өзін еркін ұстай алған.

Алайда сол күні болған оқиғадан кейін әйел ұзақ уақыт бойы ес-түссіз жатқан. Туыстарының мәліметінше, ол 13 тамызда алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«13 тамызда зардап шеккен әйел алған жарақаттарынан қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қайта сараланатын болады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью