Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады

03.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 3 мамыр - Sputnik. Астана түбіндегі Балқарағайдан Павлодар бағытына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы.

"3-13 мамыр аралығында "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Балқарағай демалыс аймағының бұрылысынан бастап Павлодар бағытына шығатын көлік айрығына дейінгі жол учаскесінде көлік қозғалысы толықтай уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Жабылатын учаскенің ұзындығы - 8 шақырым.

© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"Астана түбіндегі Балқарағайдан Павлодар бағытына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады

Астана түбіндегі Балқарағайдан Павлодар бағытына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады

© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"

"Бұл аралықта жол жабынын жону, жол негізіндегі ақауларды жою және екі қабатты асфальтбетон төсеу жұмыстары жоспарланған. Жұмыстарға 25 жол жұмысшысы мен 66 бірлік арнайы техника, оның ішінде фрезалар, асфальт төсегіштер және жүк көліктері жұмылдырылады", - дейді ҚазАвтоЖол.

Төменгі және жоғарғы асфальт қабаттарын төсеу арасында технологиялық үзіліс қарастырылған. Осы кезеңде көлік қозғалысы уақытша ашылатын болады.

Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында енгізіліп отыр, дейді мамандар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью