Астана маңындағы демалыс аймағында есінен танып қалған ер адамның жағдайы ауыр

14.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: Видеодан скрин

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болғанымен, демалыс орны аумағында дәрігер де, құтқарушы да болмаған. Жедел жәрдем жеткенге дейін зардап шегушіге алғашқы көмекті сол жерде демалып жүрген азаматтар көрсеткен.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас Астанадағы №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Ол анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр», делінген басқарма жауабында.

Алакөлде арнайы жасақ қызметкері есінен танып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды

Оқыс оқиғаға байланысты Аршалы аудандық полиция бөлімі жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады полиция бөлімі.

Алакөлде анасы мен қызы суға батып кетті: Құтқарушылар тек қызды аман алып қалды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью