Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астана мектептерінің бірінде даулы оқиға болды. Желіде жарияланған видеодан кейін тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана мектептерінің бірінде даулы оқиға болды. Желіде жарияланған видеодан кейін тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға видеосын редакцияның WhatsApp нөміріне оқырман жолдаған. "Парта астынан" түсірілген кадрлардан мұғалім болуы мүмкін ер адамның оқушыларға дөрекілік көрсеткені көрінеді: ол балаларды шапалақпен ұрып, балағат сөздер айтып, айғайлаған.
Tengrinews.kz редакциясы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінді. Ондағылар жағдайға қатысты пікір білдірді:
"Астана мектептерінің бірінде болған қол жұмсау дерегіне байланысты мынаны хабарлаймыз: бұл - педагогикалық әдеп нормаларын өрескел бұзу. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Осы кезеңде педагог лауазымдық міндеттерін атқарудан толықтай шеттетілді".
Сондай-ақ оқушылардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.
"Мұғалімнің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қатаң тәртіптік шаралар қабылданады. Жағдай Астана Білім басқармасының бақылауында", - деп толықтырды комитет өкілдері.