Астана мектептерінде ата аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды

17.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кітап бұрыштары, негізінен, балаларын мектептен алып кетуге келген кезде күтіп отыратын ата-аналарға ыңғайлы орындарға орналастырылған.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстана мектептерінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды

Астана мектептерінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

"Енді ата-аналар баласын күту уақытын телефонға үңілумен өткізбей, кітап оқуға арнай алады. Кітап сөрелерінен бала психологиясы, тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және отбасы құндылықтарына арналған әдебиеттерді кездестіруге болады", - дейді әкімдікте.

Жоба арқылы мектеп ұжымы ата-аналарды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, балаларға жеке үлгі көрсетудің маңыздылығына да назар аударуды көздейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью