Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы құбылады деп күтіледі. Елордада жаңбыр жауып, күн күркірейді, Алматыда күн райы салқындап, термометр бағаны 26-28 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ жауын-шашын болжанады. Бұл туралы "Қазгидромет" мәліметтеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Астанадағы ауа райы
14 қыркүйекте күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +18+20 градус.
15 қыркүйекте күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +16+18 градус.
16 қыркүйекте күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +19+21 градус.
Алматыдағы ауа райы14 қыркүйекте күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +30+32 градус.
15 қыркүйекте күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +28+30 градус.
16 қыркүйекте күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +26+28 градус.
Тұман, жаңбыр және 33 градус ыстық: 14 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу