Астана мен Алматыда хакерлер адамдардың жеке дерегін микроқаржы ұйымдарына сатқан

03.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Биыл наурыз айында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және таратуға қатысы бар адамдар тобының әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер заңсыз алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Оны сатып алушылар қатарында кейбір микроқаржы және коллекторлық ұйым өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью