Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Астана мен Алматыда алдағы үш күн бойы күн ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, бүгін Астанада +36 градусқа дейін ыстық болады. Ертең де солай, ал 23 маусымда +26-28 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – секундына 5-10 метр. 23-24 маусым күндері 15 метрге дейін күшейді.
Алматыда бүгін ауа температурасы +33 градусқа дейін көтерілсе, ертең, 23 маусымда +36 градусқа дейін ысиды. Ал 24 маусым күні +33-34 градус болады. Желдің жылдамдығы үш күн бойы секундуына 3-8 метрден аспайды.
Айта кетері, Қызылордада бүгін күн +40 градусқа дейін ысиды. Ал Түркістанда бүгін және ертең қатты ыстық болады.