Астана мен Алматыда түндер суыта түседі

14.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалаларындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 15, 16 және 17 қазан күндері ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.

Жақын күндері Астана мен Алматы тұрғындарын күндіз жылы, түнде суық ауа райы күтеді. Елордада түнде үсік жүреді деп болжанса, оңтүстік мегаполисте 17 қазан таңертең температура 0 градусқа дейін төмендейді.

Астанадағы ауа райы

15 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +6...+8 градус.

16 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +8...+10 градус.

17 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +9...+11 градус.

Алматыдағы ауа райы

15 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +16...+18 градус.

16 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус.

17 қазанда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +14...+16 градус.

Қазақстанда күн -11 градусқа дейін суытады

Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және жел күшейеді деп хабарлаған болатын. Кей аймақтарда түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді. Толық болжам осы жерден оқыңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью