Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді үш күнге арналған болжам

19.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астана бойынша 20, 21 және 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады: синоптиктер жаңбыр мен найзағай, ал кей жерлерде екпінді жел болады деп болжайды. Сонымен қатар елордада салқын күндерден кейін күн біртіндеп жылына бастаса, Алматыда жазғы аптап сақталады.

Астанадағы ауа райы

20 тамызда елордада күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде температура +10...+12 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

21 тамызда жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Температура түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус.

22 тамызда күн құбылмалы болады, бірақ жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы +25...+27 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыдағы ауа райы

20 тамыз таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус.

21 тамызда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Температура түнде +17...+19 градус, күндіз +29...+31 градус.

22 тамыз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус.

Қазақстанда нөсер жауады

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауып, найзағай ойнап, жел күшейетінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталып, кей жерлерде температура +41 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының толық болжамы осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью