Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 14 мамыр - Sputnik. Астана мен Алматыдан Газипаша-Аланияға тікелей әуе рейстер іске қосылды, деп хабарлайды FlyArystan.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 13 мамырдан бастап Алматыдан Жерорта теңізі жағалауындағы Алания курорттық өңірінің баламалы әуежайы – Газипашаға алғашқы тікелей рейстерін іске қосты.
"Алғашқы рейсті орындаған әуе кемесін Газипаша-Алания әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Осылайша, әуе компаниясының халықаралық бағыттар желісіндегі жаңа бағытының ашылуы атап өтілді. Салтанатты рәсім аясында қонақтар мен экипаж мүшелерінің қатысуымен мерекелік торт кесіліп, алғашқы рейстің жолаушыларына сыйлықтар табысталды", - дейді әуе компаниясында.
"Алматы – Газипаша – Алания" бағыты бойынша рейстер 13 мамыр мен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Бұған дейін Астанадан орындалған маусымдық рейстер де қайта жанданып, 11 мамыр мен 22 қазан аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Газипаша-Алания әуежайы қазіргі таңда 17 әуе компаниясына қызмет көрсетеді және былтыр жолаушылар ағыны 1 миллионнан асып, 1 004 377 жолаушыға жеткен.