Астана мен Алматыны жазғы аптап басады

07.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

"Қазгидромет" Астана мен Алматы бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 8, 9 және 10 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде Астана мен Алматыда күн жылы әрі құрғақ болады. Қалаларда жауын-шашын күтілмейді, ал күндізгі температура біртіндеп көтеріледі: елордада ауа температурасы +31 градусқа дейін, Алматыда +33 градусқа дейін жылынады.

Астанадағы ауа райы

8 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +28...+30 градус.

9 қыркүйек көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +29...+31 градус.

10 қыркүйек көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус.

Алматыдағы ауа райы

8 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +29...+31 градус.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?

05 қыркүйек 14:58 1

9 қыркүйек көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +30...+32 градус.

10 қыркүйек көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы айтарлықтай өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің батысына жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар республиканың басым бөлігінде күн жылы болып қала береді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью