Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия басшысы Александр Вучич шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияны Еуропадағы Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына тоқталды. Бүгінде Қазақстан нарығында 60-тан астам сербиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе қатынасы орнатылған.
Өз кезегінде Александр Вучич екі ел арасындағы шынайы достық қатынасты жоғары бағалап, алдағы уақытта жасанды интеллект, IT және энергетика сияқты заманауи салаларда ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, Сербия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапты сапармен Белградқа шақырды.