Астана мешітіндегі смартфон ұрлығы видеоға түсіп қалды

10.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Елордадағы мешіттердің бірінде келушінің телефоны ұрланды. Ұрлық сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Телефонын қуаттауға қойған"

Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ер адам мешітке таң намазына келгені белгілі болды.

"Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен", - деп атап өтті полиция.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба

"Ер адам ұсталды"

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қызметкерлер сол күні-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды өз мүлкіне ұқыпты қарауға және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске сала кетейік, маусымда Астанадағы мешіттердің бірінде тағы бір келушінің ұялы телефоны ұрланған болатын. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаның арқасында полицейлер 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью