Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстандық Astana Motors компаниясы Словакиядағы Chery брендінің ресми дистрибьюторы атанды. Алғашқы қадам Братислава, Банска-Бистрица, Тренчин, Мартин, Дунайска-Стреда, Тренчин, Пухов қалаларында 7 дилерлік орталықтың ашылуынан басталады. Жыл соңына дейін Словакиядағы желіні 12 орталыққа дейін кеңейту жоспарлануда. Словакия нарығына алғаш рет Chery Tiggo 4, Tiggo 7, Tiggo 8 және Tiggo 9 кроссоверлері бензин және гибридті нұсқаларымен ресми түрде сатылымға шығады.
Қазақстандық Astana Motors компаниясы Словакиядағы Chery брендінің ресми дистрибьюторы атанды. Алғашқы қадам Братислава, Банска-Бистрица, Тренчин, Мартин, Дунайска-Стреда, Тренчин, Пухов қалаларында 7 дилерлік орталықтың ашылуынан басталады. Жыл соңына дейін Словакиядағы желіні 12 орталыққа дейін кеңейту жоспарлануда. Словакия нарығына алғаш рет Chery Tiggo 4, Tiggo 7, Tiggo 8 және Tiggo 9 кроссоверлері бензин және гибридті нұсқаларымен ресми түрде сатылымға шығады.
Сурет: Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов және Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Словакиядағы Қазақстанның елшісі Жанна Сағынова және Словакиядағы Қытай елшісі Цай Гэ.
"Astana Motors компаниясы үшін Словакияда Chery-ді ұсыну зор мәртебе. Біз мұны брендті дамыту және клиенттермен жұмыс істеу тәжірибеміздің халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін мойындау деп білеміз. Еуропадағы автокөлік жанкүйерлері қазіргі уақытта жаңа автокөлік брендтеріне мұқият назар аударып, заманауи технологияларды, жабдықталудың жоғарғы деңгейін, экологиялық таза гибридті шешімдерді және қолжетімді бағаларды іздейді. Дәл осы нәрселермен Chery Еуропа нарығында өзін тартымды етеді. Өткен жылы біз брендті Чехияда сәтті іске қосып. Біз еуропалық клиенттердің қажеттіліктерін зерттедік және бұл тәжірибені Словакияда Chery-ді дамыту жолында қолданамыз", - деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.
Іс-шараның жоғары мәртебесін Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сағынова ханым мен Қытай Халық Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Цай Гэ мырзаның қатысуы айшықтай түсті.
Сурет: Astana Motors Словакияда Chery бренді жұмысын бастағанын жариялады
Chery және Astana Motors компаниялары 5 жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді. Chery Қазақстанда дамыған желісі бар ең көп сатылатын Қытай брендіне айналды. Қазір еліміздің 17 қаласында 24 ресми дилерлік орталық жұмыс істейді және 7 модель ұсынады. 2025 жылы Қазақстанда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жергілікті нарыққа бағытталған Chery автокөліктерінің өндірісі басталды.
Словакия нарығына шығу бренд үшін Чехияда Astana Motors компаниясымен бірлесіп сәтті жүзеге асырған бастамасынан кейін жоспарланған қадам болды. Қазіргі уақытта дилерлік желіге Чехияның барлық ірі қалаларында 12 дилерлік орталық кіреді. Chery компаниясының флагманды дилерлік орталығы Праганың танымал Прухонице ауданында орналасқан. Модельдік қатарда бензин және гибридті нұсқалардағы Tiggo көлігінің кроссоверлері ұсынылған. Ең көп сатылатын модель – брендтің флагманы атанған Chery Tiggo 9 PHEV отбасылық гибридті кроссовері.
Сурет: Astana Motors Словакияда Chery бренді жұмысын бастағанын жариялады
Chery – Қытайдың ең ірі жеңіл автокөлік экспорттаушы компаниясы. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы қытайлық автоөндірушілер арасында шетелдік сатылымда көшбасшы орынды сақтап келеді. Брендтің көліктері 110-нан астам елде сатылады. Жаһандық клиенттер базасы 15 миллионнан асады, ал оның 4 миллионнан астамы Қытайдан тыс жерлерде орналасқан.
Серіктестік материал