Астана Опера театры Аққу көлі балетін ұсынады

15.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.

Осы жолғы «Аққу көлі» тың шығармашылық қадамдарға толы болмақ. Басты аққу партияларын орындайтын балет әртістері Торғын Лебен (Одетта) мен Камила Шахманова (Одилия) дебюттік өнер көрсетеді.

«Одеттаның партиясын Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен дайындау – мен үшін зор  мәртебе әрі жауапкершілік. Дайындық жұмыстары тыянақты жүріп жатыр. Көркемдік жетекшіміз әрбір қимыл мен детальге назар аударып, техникамен ғана емес, бейнемен әрі қимыл формасымен де жұмыс істейді. Кез келген қимыл, көзқарас немесе дем не үшін пайда болатынын түсіндіреді. Рөлімді жақсырақ түсініп, оны тереңнен сезінуге көмектеседі», дейді Торғын Лебен.

Сондай-ақ ол Одеттаның партиясында қол пластикасымен жұмыс істеу – күнделікті еңбек екенін айтты.

«Әрине, қолды ақ ұлпадай нәзік қылу әрдайым сәтті шықпайды. Бірақ қазір сонымен жұмыс істеп жатырмын. Қимылдар бірқалыпты әрі ауыспалы шығуы үшін иық, шынтақ пен білектің үйлесіміне назар аударамын. Сонымен қатар сызықтар әдемі әрі түзу қалпында қалуы үшін классикалық форманы сақтау маңызды», дейді балерина.

Торғын Лебен ақ аққудың бейнесі өзіне көп жағдайда жақын екенін де атап өтті.

«Одеттаның түрлі орындауларының бейнежазбаларын қарап жүрмін. Оны сол орындаушыларды қайталау үшін емес, бір бейненің қаншалықты әртүрлі үн қататынын түсіну үшін көремін. Өз даралығымды сақтап, осы партияны өне бойымнан өткізе отырып, осы бейнеде өз ырғағымды тапқым келеді», деді балет әртісі.

Ал Камила Шахмановаға қара аққудың зұлымдығы мен жарқылын көрсету міндеті қойылды. Орындаушы үшін бұл осы маусымдағы Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі Марияның рөліндегі табысты дебютінен кейінгі кезекті маңызды кезең болмақ.

«Одилияның бейнесі өзінің мәнерлілігімен баурап алады. Оның мінезін түсіну үшін П.Чайковскийдің музыкасына тереңнен бойлау керек. Себебі өктемдік, айлакерлік пен салтанат – бәрі сонда көрсетілген. Мен оның ханзаданы өзіне қаратып алатын еліктірерлік қуатын көрсетуім керек. Дайындық барысы қызып жатыр», деді Камила Шахманова.

Дарынды дебютанттардан бөлек, кейіпкерлердің бейнелерінде театрдың жетекші солистері сахнаға шығады. Атап айтсақ, Одетта-Одилияның партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгерім Бекетаева мен София Әділханова таныстырады, ал бекзат ханзада Зигфридтің рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматуллаев пен Диас Құрманғазы өнер көрсетеді. «Астана Опера» симфониялық оркестрін қоюшы дирижер Арман Оразғалиев басқарады. Ағымдағы театр маусымы Айгерім Бекетаева үшін шығармашылық қызметінің 15 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтсек болады. Жетекші солистің өзі айтқандай, бір кездері осы «Аққу көліндегі» басты партиясы оның таңдаған жолының дұрыстығына түбегейлі көзін жеткізген.

«Щелкунчик» балеті 40 мың көрермен жинады

Жыл басында П.Чайковскийдің кезекті жауһарын көрсету театр үшін игі дәстүрге айналды. Айта кететін бір жайт, репертуарда ұсынылған сахналық редакцияның премьерасы 2017 жылы Оманға гастроль кезінде өткен еді. Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова туындының тарихи ұлылығын сақтай отырып, классикаға деген терең көзқарасын қосты. Еуропаға турне кезінде Испания мен Италиядағы көрермен де осынау балетті таңданыспен қарсы алған еді.

«Астана Балет» театры жылды жетістікпен аяқтады

Соңғы жаңалықтар

Оралда «Айтыстың Асан Қайғысы» атты айтыс өтті

Аймақтар • Бүгін, 17:50

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Технология • Бүгін, 17:47

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Білім • Бүгін, 17:26

МӘМС: 2026 жылы сақтандыру есебінен емделетін аурулар тізімі кеңейтілді

Қоғам • Бүгін, 17:18

Шыңғыс Мұқан: ҚҚС – кәсіпкер емес, тұтынушы төлейтін салық

Қоғам • Бүгін, 17:05

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер 56 мың адамның берешегін кешірді

Президент • Бүгін, 16:50

2032 жылға дейін Айда қонақүй салынады

Әлем • Бүгін, 16:42

Бибігүл Жексенбай: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

Архив • Бүгін, 16:33

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?

Оқиға • Бүгін, 16:25

Астана әуежайында елге қауіпті өнімді кіргізбек болғандар анықталды

Оқиға • Бүгін, 16:04

Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?

Қоғам • Бүгін, 15:51

Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа жоспары таныстырылды

Президент • Бүгін, 15:45

Ақмола облысында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Заң • Бүгін, 15:22

«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді

Оқиға • Бүгін, 15:15

11 жастағы астаналық оқушы 4 тілде 853 кітап оқыған

Білім • Бүгін, 15:02

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью