Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Кештің шымылдығын ашқан Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов ұлы әншінің әлемдік музыка тарихындағы орнына тоқталды.
Фото: Солтан Жексенбеков / KazinformФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform– Бүгінгі концерттің ерекшелігі – біздің ән өнеріміздің, қазақ тілі мен тарихының әлемдік деңгейдегі биігін көрсетуінде. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді». Ермек ағамыз – әлемдік деңгейдегі Карузо, Титта Руффо, Шаляпин секілді алыптармен терезесі тең тұрған, жүз жылда бір келетін бірегей құбылыс. Оның дауысы мен интонациясы арқылы күллі әлем қазақ тілінің құдіретін таныды, – деді Ш. Әбілов.
Жоба авторы әрі концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова бағдарламаны жасау барысында Ермек Серкебаевтың сан қырлы талантын ашуды көздегенін айтады.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / KazinformКеште халық әндерімен қатар, классикалық орыс романстары мен отандық композиторлардың туындылары шырқалды.
Фото: Солтан Жексенбеков / KazinformФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform– Ермек Бекмұхамедұлы өте мейірімді, парасатты жан еді. Ол тек ұлы әнші ғана емес, аспапты да шебер меңгерген хас музыкант болатын. Біз бүгінгі жас орындаушылар арқылы Серкебаев салған сара жолды, оның өзіндік трактовкасын көрерменге жеткізуге тырыстық, – деп атап өтті Раушан Бескембирова.
Сахна төрінде Талғат Мұсабаев, Айгүл Ниязова, Жан Тапин секілді белгілі майталмандармен бірге Феруза Рахметова, Лейла Аламанова сынды жас таланттар өнер көрсетті. Барлығы 23 шығарма орындалып, әрбір туынды көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / KazinformАйта кетейік, бұған дейін «Астана Операда» эстон музыкасының концерті өткенін хабарлаған едік.