Астана Павлодар автожолындағы жылдамдық режимі қалпына келтірілді

30.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар облыстық филиалынан хабарлады. 

— Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі биыл ақпаннан бастап жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін халықаралық және республикалық маңызы бар барлық автокөлік жолдарында қысқы кезеңге ғана жылдамдық режимін төмендету туралы шешім қабылдағаны мәлім. Аталған уақыттан бері Астана — Павлодар автобанында қысқы жылдамдық режимі енгізіліп, шекті жылдамдық 110 шақырым/сағат болып келген еді. Ауа райының жақсаруына байланысты және уәкілетті органның нұсқамасына сәйкес, 2026 жылдың 30 наурызынан бастап «Павлодар-Астана» автожолында жылдамдық режимі (140 шақырым/сағат) қалпына келтірілді, — деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖолдан».

Еске сала кетейік, 9 ақпаннан Астана — Павлодар автобанында жылдамдық режимі төмендетілген еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью