Астана Петропавл тас жолында автобус бұзылып, 49 жолаушы эвакуацияланды

08.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақмола облысындағы Ақкөл қаласы мен Барап ауылы арасындағы автожол учаскесінде Бурабай — Қарағанды бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы қозғалтқышының бұзылуына байланысты әрі қарай қозғала алмады.

— ТЖМ қызметкерлері полицейлермен бірлесіп оқиға орнына жедел жетіп, 49 жолаушыны жылыту пунктіне эвакуациялады. Осыдан кейін жолаушыларды Қарағанды қаласына жеткізу үшін келген басқа автобусқа отырғызды, — делінген ақпаратта.

ТЖМ алыс жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.

Айта кетейік, 8 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью